Қоғам
Астанада екі әйел әткеншекке таласып, бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:25
- 34
Астанада балалар алаңында әйелдер әткеншекке таласып қалған. Оның арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тараған. Видеодан қолдарына бала ұстаған екі әйелдің бір-бірін шапалақпен ұрып жатқанын байқаууға болады. Тіпті әйелдердің бірі баланың бетінен ұрып жіберген.
Қалалық полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, балалар алаңындағы жанжал әткеншекке кезекке тұру мәселесінен туындаған. Соның салдарынан екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған», – делінген полиция хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тараптардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Келесі мақала



