Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа лауазым - Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын жариялаған болатын.
"Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын", - деді Мемлекет басшысы.