Оралда ер адам бойжеткеннің басын жарды (ВИДЕО)
Оралда түнгі клубтың бөлмесінде ер адам қызға шабуыл жасап, басынан ұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Ол қыздың басына шыны зат лақтырғаны.
Жазбаға Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, видеоға түсіп қалған адамның жеке басы анықталған.
«Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес заңнамаға сай тиісті шаралар қабылданады», – деп түсіндірді БҚО ПД.