«Байлықтың негізі – адал еңбек»: тарихшы жастарға адал еңбек құндылығын сіңдірудің маңыздылығын айтты
Қоғам қайраткері, тарихшы, профессор Еркін Әбіл жастарға адал еңбек құндылығын сіңірудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, жасампаз қоғам қалыптастыру үшін жастарға ең алдымен адал еңбек құндылығын сіңіру қажет. Байлыққа ұмтылу қалыпты құбылыс, бірақ ол тек адал еңбекпен келуі тиіс.
«Негізгі принциптер бар. Балаларға адал еңбектің мағынасы жоғалған сияқты. Осы нәрсені қайта түсіндіруіміз керек. Байлық – жақсы нәрсе, бірақ ол тек адал еңбекпен табылған байлық болуы тиіс. Мен үшін бірінші орында – адал еңбек, екінші орында – білім. Қай салада жүрсең де, кәсіби білімді болу маңызды», – деді ол.