Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Президент 1 қыркүйекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысы және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.