Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда облысында гараждан полицейдің өлі денесі табылды

Қызылорда облысында гараждан полицейдің өлі денесі табылды
Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның өзі бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан ер адам күдікке ілінді.

 1 қыркүйекте таңертең әлеуметтік желілерде жеке үйдің ауласындағы гараждан 1988 жылы туған полицейдің зорлықпен өлтіру белгілері бар денесі табылған.

Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкер қаза тапқанын растады.

"Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаты салынып, соның салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар