Қоғам
Жамбыл облысында көшедегі қоқыс жәшігіне жаңа туған тірі сәбиді тастап кеткен
- автор kyn.kz
- Бүгін, 15:41
- 1
Бала қазір аман, дәрігерлер тексеріп жатыр.
Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жаңа туған нәресте Қордай ауданы Гвардейск әскерилер қалашығында қоқыс жәшігінен табылған. Оқиға Қордай ауданында болған.
Полиция жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Баланың анасының кім екенін және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді полицейлер.
Бала қазіргі уақытта медициналық мекемеде. Оның жағдайы тұрақты және өміріне қауіп жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді
- авторkyn.kz
- 1 қыркүйек, 2026


