Басты жаңалықтар

"Балаң қатты дуаланған": алаяқтар енді көріпкел болып хабарласатын болған

Қазақстанда өзін емші, балгер, көріпкел ретінде таныстырып, "балаң қатты дуаланған" дейтіндер көбейген.

Ар ықарай қызметі үшін ақша, сыйақы сұрайтын көрінеді. Полиция мұндай хабарламаларға сенуге болмайтынын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, бұл айла-шарғы әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі хабарламадан басталады. Ата-ананың үрейін туғызу үшін алаяқтар "қатты дуа", "теріс энергияның әсері" деген секілді себептер айтып, оны емдеу қажет екенін алға тартады.

"Есіңізде болсын: алаяқтар адамдардың сенімін, олардың жақындары үшін қорқынышы мен үрейін пайдаланады. "Дуа", "көз тию", "сиқыр" және осыған ұқсас тақырыптарды желеу етіп ақша талап ету - алаяқтық әдістерінің бірі болуы мүмкін. Егер сізден осылайша ақша талап етсе немесе сіз алаяқтардың құрығына түсіп қалсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарлаңыз", - деді ІІМ өкілдері.