оқаев жаңа мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысы Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады.
"Кездесу барысында мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды", - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Президент келесідей міндеттерді жүктеді:
мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды;
тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді;
Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеуді;
отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруді;
қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау міндетін жүктеді.