Энрике Иглесиас Алматыдағы жеке концертінен кейін желіде жазба қалдырды
Әлемге әйгілі әнші, продюсер әрі актер Энрике Иглесиас 5 қыркүйекте Алматыда өткен концертінен кейін желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Энрике Иглесиас Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы Орталық стадионда өткен концертінен видеолар бөлісіп, қазақстандықтарға алғысын білдірді.
"Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Рақмет, Алматы!" - деді ол жазбада.
Сондай-ақ, әнші жанкүйерімен түскен видеоны жүктеді. Ол тыңдарманымен қол алысып, қолтаңба берген.
"Қазақстан, мені осылай жылы қабылдап, керемет әсер ұалдырғаның үшін рақмет!" - делінген видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары да жазбаға пікір қалдырып, жылы лебізін білдірді.