Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа ережелері 7 қыркүйекте өз күшіне енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Енді азаматтар өздерінің зейнетақы қаражатын 100 пайыз көлемінде жеке компанияға сеніп тапсыра алады.
Қазақстан Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар (ИПБК) қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының үнемі инвестицияланып, табыс әкеліп және бұл табыс салымшылар арасында бөлінуін бақылап отырады.
Осы уақытқа дейін азаматтар жинақтарының тек 50 пайызын ғана жеке компанияларға бере алатын еді. 7 қыркүйектен бастап бұл шектеу алынып тасталды.
Енді қазақстандықтар барлық жинағын жеке компанияларға бере алады.
Басқарушы компаниялар енді зейнетақы жинақтарына қатысты әр түрлі инвестициялық стратегияларды ұсына алады:
консервативтік;
қалыпты;
тәуекелдері бар.
Оның табыстылығы 12 ай ішінде бағаланады. Қалыпты портфельді зейнетке шығуына 3 жылдан астам уақыт қалған азаматтар таңдай алады, нәтижелері 36 ай ішінде бағаланады. Тәуекелі бар портфель зейнетке шығуына 13 жылдан астам уақыт қалған жағдайда қолжетімді, ал табыстылығы 60 ай ішінде бағаланады.