Қазір қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің басшысы үкімет отырысында үндеу жасады. Үкіметтің жаңа құрамын ол алдағы уақытта жауапкершілік алу және шешімдерді жедел қабылдауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Премьер-министр мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет екенін жеткізді.
"Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар жұмысының негізінде "Заң мен тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары қалуы тиіс екенін атап өтті.
"Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", - деді Премьер-министр үкімет мүшелеріне.
28 тамызда Құрылтай жаңадан сайланғаннан кейін Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты. Жаңа құрам бекітілгенге дейін министрлер өз міндеттерін атқаруды жалғастырды.