Қоғам

2027–2028 оқу жылынан бастап 5-9-сынып БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды - Оқу-ағарту министрі

Келесі жылдан бастап мектептерде БЖБ мен ТЖБ болмайды.

Қазақстанда 2027–2028 оқу жылынан бастап 5-9-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны кезең-кезеңімен алып тастау жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс кейін 10–11-сыныптарына да енгізілмек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап БЖБ мен ТЖБ-ны кезең-кезеңімен алып тасталынады.

"Келесі кезең – 5–9-сыныптар. Әдістемелік тұрғыдан дайын болған кезде келесі оқу жылынан бастап БЖБ мен ТЖБ-ны кезең-кезеңімен алып тастаймыз. Одан кейін 10–11-сыныптарды да қайта қараймыз", – деді министр.

Оның сөзінше, 10-11-сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ-ны өзгерту 5-9-сыныптардан кейін қолға алынады.

Бұдан бөлек министр ата-аналардың оқулықтардың көлемі, мұқабасы мен әртүрлі форматта шығуына қатысты шағымдарын шешу жолдары да қарастырылып жатқанын айтты.

Биыл министрлік оқулықтарды тексеру барысында 700-ге жуық қатені анықтаған. Қазір баспалармен бірлесіп, анықталған қателерді түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.