Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қыркүйек» әлде «Қыргүйек» пе?: Оқу-ағарту министрі түсіндірді

«Қыркүйек» әлде «Қыргүйек» пе?: Оқу-ағарту министрі түсіндірді
Сурет: liter.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылы бастала сала ата-ана мен мұғалімдер арасында дау тудырған мәселе – қыркүйек пен қыргүйек сөзіне қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұл сөздің «өзгеруіне» қатысты мәселеге оқу-ағарту министрлігінің қатысы жоқ. Тіпті бұл өзін де қызықтыратынын айтты.

«Бұл сөздің ауысып кеткеніне оқу-ағарту министрлігінің еш қатысы жоқ. Бұл негізі біздің тіл біліміндегі өзгерістер. Осы сұрақ өзімді де қызықтырды. Сондықтан мен ғалымдардың, соның ішінде Рабиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді. Жалпы сексенінші жылдардан бастап айтылым мен жазылымның арасындағы белгілі бір заңдылықты сақтай отырып емлі заңына өзгерістер енгізу туралы мәселе біраз талқыланған. Бірақ өзім «қыркүйек» деп жазамын. Яғни, «к» әріпін қолданамыз. Бізді кезінде оқытқан мұғалімдердің тәртібі мен грамматикасы осындай болды», - деді Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, сөздің айтылуы мен жазылуына қатысты кез келген өзгерістің нүктесін ғалымдар қою керек.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар