Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды
Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі қамауға алынды.
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған оның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы себеп болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі NUR басылымына сілтемеме жасап.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер жазылған жарияланым анықталған.
"Аталған дерек бойынша сот қаулысымен Ақмола облысының тұрғынына 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", – деп мәлімдеді полиция.
Полиция әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялағаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.