Лотереянға 3 ай бұрын ғана қатыса бастаған: Тараз тұрғыны 63 млн теңге ұтып алды
Тараз тұрғыны лотореядан қомақты қаржы ұтып алды.
Тараз тұрғыны Роман Полукаров лотереядан қомақты қаржы ұтып, бір сәтте миллионер атанды. Үш-төрт ай бұрын ғана лотерея билеттерін сатып ала бастаған үш баланың әкесі 62,9 миллион теңгелік джекпотқа ие болды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Жеңісті тираж 2 қыркүйекте өткен. Роман Полукаров «Сәтті Жұлдыздың» 5/36 лотереясынан 62 901 700 теңге ұтып алды.
Жеңімпаздың айтуынша, ол лотереяға тұрақты қатыспайды. Билеттерді ара-тұра ғана сатып алып, 4/20, 5/36 және LOTO 6/49 бағын сынап жүрген. Оның үстіне лотереяға қызығушылығы да жақында ғана басталған.
Сондықтан 63 миллион теңгеге жуық джекпот Романның өзі үшін күтпеген жаңалық болған.
Роман жеке тапсырыстар орындап, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азамат. Үйленген, үш баласы бар.
63 миллион теңгені қайда жұмсайды?
Тараздық жеңімпаз қомақты қаражатты қалай жұмсайтынын да айтып берді. Ол ақшаны ең алдымен отбасы үшін маңызды мәселелерді шешуге бағыттамақ.
«Қарыздарымды жабамын, ал ақшаның бір бөлігін денсаулығыма жұмсаймын», – деді Роман.
Одан қомақты ұтыстан кейін лотереяға сенесіз бе деп сұрағанда, ол:
«Енді сенемін!» – деп қысқа жауап берген.
Сондай-ақ жаңа миллионер өзге қатысушыларға да сәттілік тілеп, «Ұтыңыздар!» деген тілегін жеткізді.
Осылайша, небәрі бірнеше ай бұрын лотереяда бағын сынай бастаған Тараз тұрғыны үшін 2 қыркүйектегі тираж сәтті аяқталды. Бір ғана 5/36 билеті оған 62 901 700 теңгелік джекпот әкелді.