Қоғам

Қайрат Сатыбалдыұлының қонақүйі сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыұлыға тиесілі қонақүй 13 миллиард теңгеге сатылады.

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған ауданы 16 196,4 шаршы метр Double Tree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы - 12,7 миллиард теңге, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нысанды сатушы - Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр болатыны және оның Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.

Қонақүйдің бастапқы бағасы - 12 759 410 000 теңге, аукцион бағаны көтеру әдісі бойынша өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады.

DoubleTree by Hilton қонақүйі Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланыстырылады.