Шымкенттегі Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:55
- 1
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, 1 қыркүйекте қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Тұран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаевты пара алып жатқан жерінде әшкерелеген. Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мәліметінше, ол қарамағындағы қызметкерлері арқылы кәсіпкерлерден өз басқармасына оң қорытынды беру үшін жүйелі түрде ақша алып отырған.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында көрсетілгендей, Мұрат Бейсенбаев 2023 жылғы 24 мамырдан бері Тұран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады.


