Қоғам

Ақтөбеде 32 жастағы әйел әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөздер айтылған видео жариялағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция 32 жастағы әйелдің тікелей эфирі тексерілді. Әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, әйел кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сот оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Полиция әлеуметтік желілер жалпыға қолжетімді қоғамдық кеңістік екенін атап өтті. Заңнама талаптары әлеуметтік желі пайдаланушыларының әрекеттеріне де қолданылады.