Астанада олигархтардан тәркіленген пәтерлер сатылымға шықты
Астанада элиталық тұрғын үй кешендеріндегі үш пәтер саудаға шығарылды. Олардың бағасы 200-ден 400 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауданы 231 шаршы метр болатын алғашқы пәтер 2010 жылы салынған Green Village ТҮК-де орналасқан жылжымайтын мүлік 114 миллион теңгеге сатылып жатыр. Пәтердің кіреберісінен бастап бағаналар мен терезелер өрнектелген. Бөлменің басқа бөлігінде камин, панорамалық терезе және теледидар орны бар. Барлық жерде дерлік әшекейлі сылақтар (лепнина) қолданылған.
Басқа бөлмелер алдыңғысына қарағанда визуалды түрде онша "қымбат" көрінбейді. Бірақ төбедегі ерекше дизайн назар аудартады:
Жиһаздың басым бөлігі піл сүйегі түстес, әшекейлі сылақтармен және алтын жалатылған өрнектермен безендірілген.
Саудаға шығарылған қос пәтер де Астана қаласы, Алматы ауданы, Шарль де Голль көшесі, 5 мекенжайында, яғни 2012 жылы салынған "Парижский квартал" ТҮК-де орналасқан. Лоттар sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланды.
Ең қымбат пәтер жалпы ауданы - 309,5 шаршы метр "Парижский квартал" ТҮК-дегі екі деңгейлі пәтер. Бастапқы бағасы - 363 244 554 теңге.
Мұнда визуалды түрде бәрі қарапайымдау болғанымен, интерьердің жалпы стилі сақталған. Кеңістік ашық, сабырлы түстермен безендіріліп, қабырғаларына декоративті суреттер салынған. Интерьерде сонымен қатар классикалық сипат беретін әшекейлі камин бар.
Үш нысанның ішіндегі ең "арзаны" - "Парижский квартал" ТҮК-дегі 93 шаршы метрлік пәтер. Оны 112 926 585 теңгеге сату жоспарланған. Мұнда бәрі алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда қарапайым әрі ұстамды стильде жасалған.
Үш пәтер бойынша сауда-саттық 22 қыркүйек күні сағат 10:00-де басталады. Потенциалды сатып алушыға сауда басталғанға дейін активті аралап көру мүмкіндігі берілетіні атап өтілген.
Олар конкурс арқылы сатылады - бұл e-qazyna веб-порталындағы сауда-саттық, онда белгіленген талаптарға сай келетін қатысушылар баға ұсыныстарын көтере алады.
Айта кетейік, барлық пәтерді Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатып жатыр. Бұл дегеніміз, бұл баспаналарды кезінде иелері заңсыз жолмен табылған ақшаға сатып алған, ал кейіннен бұл активтер мемлекетке қайтарылған.