Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды

Атырауда «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды
Атырау облысы әкімдігі
Атырауда жастардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған форумға Қазақстанның 15 өңірінен және Ресейдің Астрахан облысы, Өзбекстан, Әзербайжан мен Грузиядан 300-ден астам жас қатысуда.

Форумның ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысып, жастарға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі күнге жоспарланған форум кинематография, маркетинг, музыка, іс-шаралар индустриясы, хореография және жасанды интеллект бағыттарын қамтиды. Қатысушылар аталған салалардың тәжірибелі мамандары мен сарапшыларынан дәріс алып, өзекті кейстерді талқылап, жаңа идеялар мен кәсіби тәжірибе алмасады.

-Бұл – жастар бастамаларын қолдап, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді алаң, – деді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева.

Форум аясында жастардың жобаларын қолдауға арналған «Үздік жоба үшін Grant» байқауы да өтеді. Алты бағыт бойынша үздік деп танылған жобалардың авторларына 500 мың теңгеден грант табысталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге.

Сонымен қатар қатысушылар арасында шығармашылық жұмыстарды насихаттауға бағытталған «Үздік жарияланымдар» байқауы ұйымдастырылады. Жұмыстар мазмұны, креативтілігі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланады.

Форумға арнайы келген шетелдік және өңірлердегі жастар үшін «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылып, Атыраудың тарихи-мәдени мұрасы таныстырылады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар