Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады
Сурет: Depositphotos
Елімізде жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қазанның бірінен бастап пилоттық жоба аясында бұл төлем 3 айға ғана тағайындалады. Төлем азаматтың орташа айлық табысына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне байланысты есептеледі.

Сонымен қатар еңбек министрлігі азаматтарды қайта оқытып, жұмыс іздеуге жәрдемдеседі. Ол үшін тұрғындар Мансап орталығына жүгінуге немесе электрондық үкімет порталы мен Enbek.kz арқылы жұмыссыз деп тіркелуге тиіс.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар