Қоғам

«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды

«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарынбалалардың күнделікті тәрбиесіне енгізіп, оныэкологиялық акциялармен шектемей, тұрақтымәдениетке айналдыру ұсынылды.

Бұл туралы«Respublica» партиясы фракциясының депутаттарыҮкіметке жолданатын депутаттық сауалда мәлімдеді.

Депутаттардың айтуынша, Мемлекет басшысы бірнешерет атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бір реттікэкологиялық акция емес, жаңа қоғамдық мәдениеттіқалыптастыруға бағытталған бастама.

«Таза Қазақстан» ұғымы қоршаған ортаны таза ұстауменғана шектелмейді. Ол ниет пен іс-әрекеттің тазалығын, әділдікті, адамдарға, өзгенің еңбегіне, қоғамдық мүліккежәне өз еліне деген құрметті қамтиды.

Осыған байланысты депутаттар бастама қалалар менауылдардың келбетін өзгертумен қатар, азаматтардыңмәдениеті мен ойлау жүйесіне де ықпал етуі қажет депесептейді.

Тазалықты акция емес, күнделікті әдетке айналдырукерек

Депутаттардың пікірінше, қоғам айналаны тазалауғаүйренгенімен, ендігі міндет – тазалықты күнделікті өмірсалты мен мәдениетке айналдыру.

Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру қажет. Өйткені мінез-құлық мәдениеті алғашқы айыппұлданкейін емес, одан әлдеқайда ертерек – отбасында, балабақшада және бастауыш сыныпта қалыптасады.

«Бала ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп қанақоймауы керек. Адамдарға құрмет, әділдік, жауапкершілік, өзгенің еңбегіне және өз еліне ұқыптықарау баланың ішкі қағидаттарына айналуы тиіс», – дейді депутаттар.

Олардың айтуынша, тәрбие жұмысының тиімділігінөткізілген іс-шаралар мен есептердің санымен бағалаужеткіліксіз. Негізгі өлшем баланың күнделікті мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдылары менжауапкершілігінен көрінуі тиіс.

Құндылықтарды жас ерекшелігіне қарай енгізуұсынылды

«Respublica» фракциясының депутаттары Үкіметкебірнеше ұсыныс жасады.

Біріншіден, «Таза Қазақстан» қағидаттарынбалабақшалар мен мектептердің күнделікті тәрбиежұмысына енгізу ұсынылды. Депутаттар мұндайқұндылықтар жекелеген акциялар немесе сыныпсағаттары арқылы ғана емес, баланың күнделікті іс-әрекеті арқылы қалыптасуы қажет деп санайды.

Екіншіден, тәрбие жұмысын баланың жас ерекшелігінеқарай кезең-кезеңімен жетілдіру ұсынылды.

Депутаттар білім беру жүйесінде негізгі құндылықтардымынадай тәртіппен жүйелі түрде қалыптастырудыұсынды:

• балабақша мен бастауыш сыныптарда – «ТазаҚазақстан» қағидаттары;

• орта буында – «Әділетті Қазақстан» құндылықтары;

• жоғары сыныптарда – «Заң және тәртіп», «Адалазамат» қағидаттары.

Бұл арқылы балалардың заңға құрметін, азаматтықжауапкершілігін, елге, қоғамға және айналасынажанашырлықпен қарауын қалыптастыру көзделеді.

«Міндетіміз – таза ел ғана емес, жауапты ұрпақтәрбиелеу»

Депутаттар «Таза Қазақстан» идеясын қоршаған ортаныабаттандырумен ғана шектемеу қажет екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстанды жай ғана таза ету емес. Біздің міндетіміз – тазалық, әділдік, құрмет пенжауапкершілік ішкі қағидатына айналған ұрпақтәрбиелеу», – делінген депутаттық сауалда.

Осы ұсыныстар Үкіметке жолданатын депутаттықсауалға енгізілді. Құжат Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-министрі Олжас Бектеновке жолданады.