Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте ер адам 65 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген

Шымкентте ер адам 65 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген
Сурет: видеодан скриншот
Көршілер арасында туған жанжал өліммен аяқталды.

Шымкентте 65 жастағы зейнеткерді көршісі балаларының көзінше ұрып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 9 қыркүйек кешке Шымкентте орын алған. Мәліметке сәйкес, жанжал үйлердің бірінің ішінде басталған. Кейін екі ер адам аула сыртына шығып, сол жерде жанжалдасқан. 

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның зейнеткерді ұрып жатқанын байқауға болады. Төбелескен екі ер адамды жанында жүрген кішкентай қыз тоқтатуға тырысқан.

Ер адам зейнеткерді әбден ұрып-соққан соң үйге кіріп, іштен бір түйіншек алып шығып, кетіп қалған. 

65 жастағы ер адам соққыдан кейін есін жимаған. Туыстары жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын хабарлаған. 

Аталған жағдайға Шымкент қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

“Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы барды. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында тергеу жалғасуда”, – делінген жауапта. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар