Қоғам

Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеге төмен түсті

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сағат 13:20-дағы жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 455 теңгеден сатылып, 448 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 452 теңге болса, сатып алу бағасы орта есеппен 449 теңге болып тұр.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 9 қыркүйекте Астанада доллар орта есеппен 459 теңгеден сатылып, 452 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы 456 теңге, сатып алу бағамы 454 теңге болған еді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бір доллар үшін 456,89 теңгеге тең..