Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"36 градус ыстық болады": 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"36 градус ыстық болады": 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: reposta.kz
11 қыркүйекте Қазақстанда күн ыстық болады. Елдің солтүстігі мен шығысындағы бірнеше қалада аптап күшейіп, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар оңтүстік, батыс және орталық аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде.

Астана – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.

Алматы – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел батысқа қарай ауысып, жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап болады

Шымкент – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап болады.

Түркістан – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қонаев – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел батысқа қарай ауысып, жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қызылорда – бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Тараз– көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секундына. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Орал – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.

Ақтөбе – көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 12 метр болады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Жезқазған – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Көкшетау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.

Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20 метр секундына. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап болады.

Павлодар – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап болады.

Семей – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап болады.

Өскемен – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар