Мәдениет

Еркебұлан Тоқтарға балағат сөз айтқаны үшін 86 500 теңге айыппұл салынды

Атақты ММА спортшысы, блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желілерден спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосы анықталған.

Іс материалдарын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Еркебұлан Тоқтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Еркебұлан Тоқтар – қазақстандық ММА файтері, актер әрі әлеуметтік желіде танымал блогер. Ол спорттағы жетістіктерімен және кинодағы рөлдерімен көпшілікке танылған.