Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда 8-қабаттан құлап кеткен 4 жасар бала аман қалды

Павлодарда 8-қабаттан құлап кеткен 4 жасар бала аман қалды
Сурет: informburo.kz
Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні кешке болған. Бала балконнан құлап кеткен. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр.

"Көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтер балконынан кәмелетке толмаған бала құлап кетті", - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бала балконнан құлаған кезде ата-анасы үйде болмаған. Оны тәтесі қарап қалған.

"Баланың анасы кіші сәбиімен аулада болған. Үйдегі балаға тәтесі қарап қалған, ол бір сәтке айналғанда, ол балконға шығып, орындық қойып, кондиционердің үстіне шығып кеткен. Содан кейін төмен қарай құлап, астыңғы қабаттардағы кондиционерге, содан соң ағашқа соғылған. Осының бәрі соққыны жеңілдеткен болуы керек", - дейді Павлодар облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зәуреш Қалиева.

Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның басы, денесі және ішкі мүшелерінен көптеген жарақат алғанын анықтады.

"Бала ғажайыптың күшімен аман қалды. Мұндай биіктіктен құлау оқиғаларының басым көпшілігі өліммен аяқталады. Баланың бірден жерге құламай, соғылып барып түскенінен жолы болған көрінеді. Қазір қандай да бір болжам жасау ерте. Алған жарақаттарына байланысты жағдайы ауыр. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралары жалғасып жатыр. Бала есін біледі", - деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында көпқабатты үйлердің терезесінен он бала құлап кеткен, үш кәмелетке толмаған бала көз жұмды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар