Қоғам

"Қыркүйек" пен "қыргүйек" қатысты дау: қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігі әзірленбек

Қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігін әзірлеу басталды.“Қыркүйек” пен “қыргүйек” сөздерінің жазылуына қатысты пікірталаста Вице-президент Ерлан Қарин мен тіл мамандары жаңа орфографиялық сөздік керек деген шешімге келген , деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин сөздің қалай жазылуын тіл мамандары мен ғалымдары реттейтінін және бұған мемлекет араласпайтынын атап өтті.

«Еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыратын мекемелердің басшыларын және белгілі ғалымдарды жинап, мәселені бірге талқыладық», – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша беделді тіл мамандарынан арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған. Олар қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігін әзірлейді.

«Талқылау барысында қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу қажет деген шешімге келдік. Алдымен белгілі ғалымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, жаңа сөздік дайындалады. Ұсынылған еңбек Мекемеаралық комиссияда қаралып, бекиді», - деді Қарин.

Айта кетейік, Қазақстанның соңғы орфографиялық сөздік соңғы рет 2013 жылы шыққан екен.