Басты жаңалықтар

Азия біріншілігінде қазақстандық балуан қыз жеңіске жетті

Қазақстандық Марина Закшевская Азия чемпионатында бозкілемге шыққан бойжеткендер арасында қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Нью-Дели қаласында бозкілемге шыққан балуан бойжеткендері арасында Азия чемпионатының үшінші жарыс күні қола жүлдегері атанды. ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Марина Закшевская 50 келі салмақта ел намысын қорғап, үшінші орын жеңіп алды. Марина ширек финалда Қытай  қызына жеңілгеніне қарамастан, жұбаныш белдесуін сәтті өткізіп, қола медальға үміткерлер қатарына қосылды. Шешуші бәсеке үндістандық балуанмен өтті. Марина бұл белдесуді 3:2 есебімен аяқтап, еліміздің қоржынын бір медальмен толықтырды.