Экология экс-министрі Нысанбаев жаңа қызметке барды
Ерлан Нысанбаев Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін Нысанбаев Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарған болатын. Үкіметтің жаңартылған құрамында бұл ведомствоны енді Әлібек Қуантыров басқарады.
Ерлан Нысанбаевтың өмірбаяны
Ерлан Нысанбаев Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысындағы Ұйғыр орман шаруашылығының шебері болып бастаған.
1991-2004 жылдары коммерциялық ұйымдар құрылымында жұмыс істеді. 2004 жылдан 2009 жылға дейін "Астана-Көгалдандыру құрылысы" АҚ-да басшылық лауазымдарда болды. 2009 жылы Ерлан Нысанбаев Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін басқарды.
Әр жылдары Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары вице-министрі, Ауыл шаруашылығы вице-министрі және Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметтерін атқарды.
2021 жылдан 2023 жылға дейін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы наурыздан бастап Астана әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті.
2023 жылғы 5 қыркүйектен 2026 жылғы 28 тамызға дейін Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды.