Атыраудағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:15
- 14
Бір отбасының төрт мүшесін өлтіріп, өмір бойына бойына сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқағалиеваның балаларымен кездесуінен видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, әйел бұған дейін Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем алған болатын. Жақында ол ауруханадан шықты. Қазір туыстарының үйінде тұрады және оған балаларымен кездесуге рұқсат берілген. Сондай кездесулердің бірі видеоға түсіп қалған. Кадрлардан анасын көрген балалардың көздеріне жас алып, оған қарай жүгіріп барып, құшақтай алғанын көруге болады.
Сонымен қатар, Ақбаянға жақын туыстарының қаза тапқаны әлі хабарланбаған. Туыстары бұл ақпарат оның денсаулығына кері әсерін тигізеді деп қауіптеніп, шындықты білуге дайын болған сәтін күтуді жөн санайды.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жасайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026



