Қоғам

АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды

АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында қазақстандық әйел заңнаманы бұзғаны үшін ұсталды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ-тың Флорида штатында үш баланың анасы, қазақстандықтың әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тексеру нәтижесін хабарлады.

"АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған.

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен де, ұсталған азаматтың отбасымен де байланыста, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді СІМ.