Жасампаздық – тек жай ұран емес, ұлтты дамытудың тетігі Берік Әбдіғалиұлы
ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы жаңа дәуірдегі ұлттың жасампаздағы туралы пікір білдірді.
Жасампаздық ол ұлттық идеология ма, әлде ол ұлт ретіндегі өзіміздің мінезіміз бе әлде жаңа дәуірдегі азаматтық ұстаным ба?
«Жасампаздықтықты идеология немесе ұстаным деп бөліп қарауға болмайды. Жасампаздық – біздің идеологиямыз да, ұлттық ұстанымымыз да. Оны ұлт ретінде дамуымызға, жаңа қасиеттерімізді қалыптастыруға мүмкіндік беретін құндылық, тетік, жол ретінде қарастыру керек. Ол тек – жай ғана ұран емес, тәрбие жұмысының бір бөлігі. Мемлекеттік идеология арқылы да әр адамға ұлттың жасампаздығын көрсетіп, түсіндіру керек», - дейді спикер.