Қоғам

Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған

Астанада 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақтап, кейін өзіне де қол салған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада пәтерден 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуінің мәйіті табылды. Елорда полиция департаменті әйелдің өлтірілгенін және кейін күйеуінің өзіне қол жұмсағанын растады.

"Анықталғандай, ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Сол кезде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне пышақ сұққан. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.