Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Прокурор актер Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор актер Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сурет: ашық дереккөздерден
Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

14 қыркүйекте өткен сот отырысы жабық форматта ұйымдастырылған. Фариза Алмасқызы сотқа онлайн қатысқанын айтып, прокурор сұраған жаза мерзімін жариялады.

“Құрметті достар, бүгін, 14 қыркүйекте Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы өтті. Біз онлайн қатыстық. Сот барысында прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ әлі соңғы шешім шыққан жоқ. Үкім 16 қыркүйекте белгілі болады”, – деді Фариза Алмасқызы.

Соттың соңғы шешімі 16 қыркүйекте жарияланады деп күтіліп отыр.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына қатысты жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысына нұқсан келтірді деген айып тағылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар