Қоғам

Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды

55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған.

Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай болды. Отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыптылардың екеуі де қаза болған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ерлі-зайыпты жанжалдасып, күйеуі әйелін өлтірген. Кейін өзіне қол жұмсаған.

Көршілердің айтуынша, оқиға 12 және 14 жастағы балаларының көзінше болған.

Астана полициясы адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.