Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды
Актер Нұрсұлтан Жақсыген экс-әйелі Фариза Алмасқызын орынсыз балағаттап, мазасын алғаны үшін 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Фариза Алмасқызы бұрынғы күйеуінің өзін ұзақ уақыт бойы аңдығанын және әлеуметтік желіде боди-массажбен айналысатыны және интимдік сипаттағы қызмет көрсететіні туралы жазғанын айтып шағымданған.
Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал осыған дейін прокурор актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Үкім жарияланғанға дейін Нұрсұлтан Жақсыген үйқамақта болған. Соттың соңғы отырыстары жабық режимде өтті.