Қоғам

Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құру ұсынылды

Қазақстан Құрылтайы жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды.

Құрамына 50 адам енгізу көзделіп отырған қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс.

Палатаның негізгі міндеттерінің бірі - заң жобаларын ерте кезеңде, яғни "нөлдік оқылым" сатысында сараптамадан өткізу болмақ. Еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады.

Палата құрамына Құрылтай депутаттарын, азаматтық қоғам, үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың, өңірлердің өкілдерін, әртүрлі сала сарапшылары мен мамандарын қосу ұсынылып отыр.

Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітеді.