Қоғам

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Ол Bank RBK қаржысын жымқыру ісі бойынша сотталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Михаил Козачковтың мәлім етті. Жазуынша, Ертаевтың түрмеде отыру мерзімі аяқталған.
 

Ол 2020 жылы Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деп танылып, бастапқыда 11 жылға сотталған. Кейін сот оның жазасын 9 жылға дейін қысқартқан.

Бұған дейін, 2025 жылдың күзінде, экс-банкир рақымшылыққа байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда кейін бұл шешімнің күші жойылып, Ертаев қайтадан колонияға жіберілген. Бұл жолы ол жазасын толық өтеп, түпкілікті бостандыққа шықты.