Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып қала ма?: вице-министр жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:30
- 13
Брифинг барысында журналистер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі талқыланған болатын.
«Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз», – деді вице-министр Азамат Әмрин.
Ал Құрылтай депутаты Татьяна Савельева ең төменгі жалақы мәселесі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде қаралатынын жеткізді.
«14 қазаннан кейін салыстырмалы кестені талқылауға көшеміз. Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз», – деді Савельева.
Осылайша, ең төменгі жалақының 2027 жылдан бастап қандай мөлшерде болатыны әзірге нақты бекітілген жоқ.



