Қазақстандықтар қазан айында қосымша демалыс алады
Қазан соңында қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
25 қазан Республика күніне орай бір күн демалыс беріледі.
2026 жылы мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан "Мерекелер туралы" Заңға сәйкес, демалыс күні келесі күнге - дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтарды ұзақ демалыс - 24-26 қазан аралығы күтіп тұр.
Ал алты күн жұмыс істейтін тұрғындары қатарынан үш күн демала алмайды. Сенбі, 24 қазан, олар үшін жұмыс күні болып қалады.
Демалыс күндері:
- 25 қазан, жексенбі - Республика күні;
- 26 қазан, дүйсенбі - демалыс күнінің ауыстырылуына байланысты демалыс.
2026 жылдың қазанында бес күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс және 21 жұмыс күні болады.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар қазан айында 26 күн жұмыс істеп, бес күн демалады.