Қоғам

Халық кеңесі мүшелеріне қанша жалақы төленеді: қаржы вице-министрі жауап берді

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халық Кеңесі мүшелеріне төленетін жалақы туралы айтты.

Өткен брифинг барысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлынан Халық Кеңесі мүшелеріне төленетін жалақы мөлшеріне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сұрақты журналистер қойды. Шенеуніктің айтуынша, еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес алады.

“Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесінің өзі – қызметтік пайдалану үшін арналған ақпарат. Сондықтан кім қанша алатынын егжей-тегжейлі жариялауға, нақты сомаларды атауға менің мүмкіндігім жоқ”, – деді Бейсенбекұлы.