Мәдениет
Нұрсұлтан Жақсыгенге сот 5 жыл блогерлікпен айналысуға тыйым салды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:42
- 1
Атышулы актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот 5 жылда блогерлікпен айналысуға тыйым салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Экс-жұбайы Фариза Алмазқызын аңдып, ауыр сөздер айтып, жалған ақпарат таратқан Нұрсұлтан Жақсыген сот үкімімен 2,3 жылға бас бостандығынан айырылған.
Алматы облысы сотының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламадан актерге қатысты тағы бір қатаң жаза белгіленгені анықталды.
«Қылмыстық кодекстің 50-бабының үшінші бөлігі бойынша Нұрсұлтан Жақсыген бес жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда, әлеуметтік желілерде және өзге де телекоммуникация желілерінде көпшілікке арналған ақпаратты дайындауға, жариялауға және таратуға байланысты журналистік, блогерлік және өзге де жария ақпараттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды», – делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026
Мәдениет
Прокурор актер Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026



