Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ол ешқандай жұмыс атқармаған”: Ұлдана Мырзуан ісі бойынша тергеуші сотта жауап берді

“Ол ешқандай жұмыс атқармаған”: Ұлдана Мырзуан ісі бойынша тергеуші сотта жауап берді
Сурет: gov.kz
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Бүгінгі отырыста аталған істі тергеген Астана Полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Аяжан Нүсіпбекова жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Нүсіпбекованың айтуынша, сотталушы Жұбаниязова МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрайымы қызметін атқарған кезде қажетті жұмыстарды жүргізбеген.

"Алты ай бойы МИБ төрайымы болған кезде ол ешқандай жұмыс атқармаған, техникалық қорытындыда көрсетілген кемшіліктерді жоймаған. Ол техникалық қорытындыны ұсынбас та еді. Тіпті менің тінту жүргізетінімді де білген жоқ", - деді тергеуші.

Тергеуші ғимаратты қосымша тексеру кезінде екінші және үшінші қабаттардағы қабырғадағы жарықтарды өзі байқағанын айтты.

"Егер ол алты ай ішінде тым болмаса бір рет көзбен шолып тексеру жүргізгенде, жиналыс өткізіп немесе сарапшыларды шақырып: "Неге жарықтар пайда болып жатыр, үйдің сапасы неге мұндай?" деп сұрар еді. Бірақ ол әрекетсіз отырған", - деді тергеуші.

Сонымен қатар полиция қызметкері тұрғын үйдің қасбеті мен конструкциялық элементтері МИБ басқару нысанына жататынын айтты. Алайда Жұбаниязова өз міндеттерін білмейтін болып шыққан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар