«Әйелдің құны 1,5 миллион теңге ма?»: Қызылордада 30 жастағы әйел босануға барып, маткасынан айырылды
Қызылордада 30 жастағы әйел босануға барып, маткасынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желі қолданушысы инфопродюсер Ботагөз Жүністегі жазды. Айтуынша, сіңлісі босанғаннан кейін жағдайы нашарлап ауруханаға түскен. Сөйтіп дәрігерлер оның маткасын алып тастаған.
«5 ай бұрын «Ана мен балада» кесір тілігімен босанған. Жасанды толғақ жасайды. Одан кейін жағдайы нашарлай түседі. Денесінің бір жағы қалтырап ауырады. Ертесінде бізге маткасын алып тастау керек деп айтады. Дәрігерлер түсіндіреді. Одан кейін әйелдің қуығы тесіліп қалады. Одан кейін әйел 5 ай тесілген қуығымен жүреді. Қаншама дәрігерлерге барады. Баласына басқа біреулер қарайды. Әйел мүгедек болып қалады. Нәтижесінде дәрігерлер қуықтың тесігінің үлкен екенін айтып, жасай алмайтындарын айтып басқа жаққа жібереді. Бұл кісілер «сіздерге 1,5 миллион теңге берейік, порталдарыңызды шешіп берейік. Ары қарай бірдеңе істеңіздер» дейді. Біз олардың шешімдерімен келіспейтінімізді жеткіздік»,- дейді әйел.
Айтуынша, 5 ай бойы үш балалы ананың бармаған жері жоқ. Енді портал жасатып қайта Алматыға дайындалып жатыр екен. Әйел көпшіліктен көмек сұрап, дәрігерлерге қатысты істің әділ шешілуін талап етеді.