Қоғам

Шымкентте ер адам әйелін екі қызының көзінше ұрып тастаған

Шымкентте ер адам әйелін балаларының көзінше қанжоса етіп сабаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қансыраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіге шығып, көпшіліктің ашуын тудырды.

Келіншек өзін видеоға түсіріп, әпкесінен көмек сұраған. Күйеуімен дәмханаға барған ол отбасымен фотоға түскісі келген, бірақ күйеуі қызғанып, оны соққыға жыққан.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген ПД хабарламасында.