Жеңімпаз ұлт – бәсекеге қабілетті қоғам - тарихшы Нұрбек Пұсырманов
Жеңімпаз ұлт – тарихта белгілі бір жеңілістерден ада ұлт емес.
Тарихшы, PhD Нұрбек Пұсырманов ұлтқа қатысты оның ішінде жеңімпаздық қасиет туралы пікір білдірді.
«Жеңімпаз ұлт – тарихта белгілі бір жеңілістерден ада ұлт емес. Бұл – өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын, тарихи қасіреттерін еңсере отырып, қоғамдық жаңа жүйеге сәйкес құндылықтарын орнықтырып, институттарын жаңалап, болашаққа ұмтылатын қоғам. Осындай белгілі бір тұжырымды қалыптастырсақ, онда біз жаңа жеңімпаз ұлт қана емес, қоғамда бәсекелестіктен қалмайтын ұлттардың қатарына қосыламыз. Бұл ретте Президенттің «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» деген еңбегінде Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтіреді: «Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек», – дейді. Яғни мұның астарында да үлкен мән жатқанын түсінуіміз қажет»,- деді тарихшы, PhD Нұрбек Пұсырманов.