"Жұдырықпен бір рет ұрсаңыз да сотталасыз": Астана прокуратурасы ескерту жасады
Бүгін Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Қарлығаш Ерғалиева біреуге тигізген бір жұдырық қылмыстық жауапкершілікке алып баратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қарлығаш Ерғалиева Қылмыстық кодекстің 108-1, 109-1 баптары туралы айтты.
«Яғни, адамды бірнеше рет ұрса ғана қылмыстық жауапкершілік көзделген деп түсіну қате. Тіпті, адамды бір рет жұдырықпен ұрып қалсаңыз да, Қылмыстық кодекстің 109 бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз», - деді прокурор.
Яғни, қасақана біреудің бетінен ұрып, денесінде қызару белгісі қалса, ол қылмыстық жауапкершілікке жатады. Прокурордың айтуынша, Қылмыстық кодекске сай, бір жұдырықты «жай ғана ұрып жіберді» деуге келмейді. Заң бойынша жұдырықтың ізі қалса, қылмыстық іс қозғалады.