Қазақастанда алдағы үш күнде ауа райы +32 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш күнде еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауады.
Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.
«Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.